Утильалымды жоймасақ, ескі-құсқы көліктен көз ашпаймыз - сенатор - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Утильалымды жоймасақ, ескі-құсқы көліктен көз ашпаймыз - сенатор

Утильалымды жоймасақ, ескі-құсқы көліктен көз ашпаймыз - сенатор

Утильалым салдарынан шаруалар жаңа техника алуды қойған.

  • 17 Мамыр
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Мәжілісмендер көптен көтеріп жүрген бұл мәселе бүгін Сенатта да қозғалды. Алымның бұл түрін жоймасақ, ескі-құсқы көліктен көз ашпаймыз дейді сенатор Әли Бектаев, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК-ға сілтеме жасап.

«Халықты алаңдатып, наразылығын туғызып отырған кәдеге жарату алымы, «утильсбор» деген нәрсе бар. 2024 жылғы жағдай бойынша утильалым көлемі 1 трактор ға 370 мыңнан 7 миллион 380 мың теңге. Ал бір комбайн үшін 600 мыңнан 800 мыңға дейін аралығында. Оны төлеуге шамасы келмеген орта және шағын шаруашылықтар жаңа техника алуды қойды», — деді Әли Бектаев.

Депутаттың келтірген деректеріне сүйенсек, ауыл шаруашылығында пайдаланып жүрген техниканың 76 пайызы тозған. Бір күн істесе, үш күн жөндеуде жатады. Сондықтан диқандар жер жыртуда да, еккен көл-көсір өнімін жинау кезінде де кестеден біршама кешігіп жүр.

Сайып келгенде, барлығы тозған техниканың кесірі. Бір ғана мысал, қазір қолда бар тракторлар мен комбайндар 16 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатыр. Ал жаңасын әкелейін десе, алымның небір түрі қосылып, бағасы еселеніп шыға келеді.