Ақтөбеде біржолғы әлеуметтік төлем ретінде 3 371 отбасына 1,1 млрд теңге төленд, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК-ға сілтеме жасап.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінгі күні облыс бойынша 3371 құжат қабылданып, оларға 1,1млрд теңге тағайындалып, толық төлем жүргізілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер мұнымен жұмысты тоқтатпақ емес. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді», — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.