Қазақстанда газдың көтерме бағасы қымбаттайды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда газдың көтерме бағасы қымбаттайды

Қазақстанда газдың көтерме бағасы қымбаттайды

Газдың бағасы 3–4,8 теңгеге өседі.

  • 20 Мамыр
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Энергетика министрлігі ішкі нарыққа тауарлық газдың шекті көтерме бағасы туралы бұйрыққа түзетулер әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Bes.media-ға сілтеме жасап.

Бұл құжат бойынша, бірінші шілдеден бастап көтерме бағаларды түзету жоспарланып отыр. Бұйрық жобасында бағаны өңірлерге байланысты бір текше метрге 3–4,8 теңгеге көтеру қарастырылған, бұл республика бойынша орташа есеппен бір текше метр үшін 23,64 теңгені құрайтын болады.

Қазір кезде Қазақстанда газдың бағасы мың текше метріне 20 640 теңгені құрап отыр, бұл баға 35 мың теңгеге жететін көршілес Ресеймен салыстырғанда айтарлықтай төмен, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

Газ бағасын көп уақыттан бері төмендетіп ұстау нәтижесінде бірқатар облыстарда (Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстары) газдың өзіндік құны ағымдағы бағадан 150–200%-ға жоғары болуына әкелді.

Бұл өз кезегінде отандық газ өндіру потенциалының төмендеуіне әсер етті. Бағаның төмен болуы газ саласын инвестиция үшін тартымсыз етеді, бұл өндірістің қысқаруына алып келеді және импорт есебінен өтелуі тиіс газ тапшылығына қауіп төндіреді, деп хабарлады энергетика министрлігі.

Бағаның көтерілуі тұтынушыларға аздап әсер етеді деп күтілуде: жеке үйлердің шығыны айына орта есеппен 1080 теңгеге, пәтерлер үшін айына 130 теңгеге өседі.