"Қаңғыбас ит пен мысыққа 6500 теңге, ал бала күтіміне 708 теңге": Баланың өмірі неге сонша арзан? - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қаңғыбас ит пен мысыққа 6500 теңге, ал бала күтіміне 708 теңге": Баланың өмірі неге сонша арзан?

"Қаңғыбас ит пен мысыққа 6500 теңге, ал бала күтіміне 708 теңге": Баланың өмірі неге сонша арзан?

2023 жылы мемлекет қаңғыбас ит пен мысықтармен күресуге 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлген. Бұл қаражат үйсіз жануарларды ұстауға және асырауға жұмсалған.

  • 23 Мамыр
  • 12
Фото: ашық дереккөз

Журналист Қуаныш Рахметоллаұлы қоғамдағы шындықты ашып салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қаңғыбас ит пен мысықты панажайда ұстау үшін мемлекет 15 күнге 97 000 теңге бөледі екен. Осы сомманы әр күнге шаққанда 6500 теңге шығады. Ал бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны қарайық. Бірінші туған балаға бір айға 21 266 теңге беріледі. Оны 30 күнге бөлсек, күніне 708 теңге шығады. Сонда Қазақстанда қаңғыбас ти пен мысықтың өмірі баланың өмірінен қымбат болғаны ма?

«Қазақтың санын көбейтейік десек, бала үшін айына 300 мыңнан төлеуге шамамыз жетеді ғой. Онсыз да халқымыздың саны аз», деді ол.