Үш ел неге Палестина мемлекетін мойындады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш ел неге Палестина мемлекетін мойындады?

Үш ел неге Палестина мемлекетін мойындады?

BBC.com Норвегия, Ирландия және Испания Палестина мемлекетін мойындау жоспарларын жариялағаны туралы жаңалықтың нені білдіретінін түсіндіріпті.

  • 23 Мамыр
  • 8
Фото: ашық дереккөз

Палестинаны мемлекет ретінде тани отырып, Норвегия, Ирландия және Испания халықаралық қауымдастық бұрыннан насихаттап келе жатқан идеяға жаңа серпін береді деп күтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Әшкере арнасына сілтеме жасап.

Әлемнің көп бөлігі Палестинаны мемлекет ретінде таниды (БҰҰ-ға мүше 193 елдің 140-тан астамы).

Норвегия, Ирландия және Испания өз шешімдерімен палестиналықтарға символдық қолдау көрсетіп, соғысқа қарсы саяси процеске жаңа өмір сыйлайды деп сенеді.

Олар басқа еуропалық елдер де үлгі алады деп үміттенеді.

Алайда Батыс елдерінің көпшілігі Палестинаны мойындау соғыс аяқталып, Израиль Палестина мемлекетін құруға келіскен кезде ғана болуы керек деп санайды. Бұл – қазір басты кедергі.

«Кейінгі онжылдықтағы ең консерватив әрі ұлтшыл үкімет билігінде отырған Израиль бұған үзілді-кесілді қарсы. Еуропаның үш елінің Палестина мемлекетін тану туралы шешімі символдық деңгейде маңызды. Бірақ ол жердегі жағдайды өзгертпейді», — деп жазады басылым.