"Менің атым - Қызболсын": Гендерлік теңсіздік мәселесін көтеретін туынды жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Менің атым - Қызболсын": Гендерлік теңсіздік мәселесін көтеретін туынды жарық көрді

"Менің атым - Қызболсын": Гендерлік теңсіздік мәселесін көтеретін туынды жарық көрді

Қазақстанда "Ұл" есімінен басталатын қанша қыз бар?

  • 27 Мамыр
  • 121
Фото: видеодан алынған

Елімізде «ұл» сөзінен басталатын есім 75 400 қыз-келіншекте бар екен. Бұл статистиканы БҰҰ-ның халық мәселелері жөніндегі қоры (ЮНФПА) жариялаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл зерттеу 1905 – 2019 жыл аралығындағы қыз-келіншектерге жүргізілген. Сонда анықталғаны мұндай есімдер 1667 адамға қойылған. Бұл бір жылдың ішінде, 2008 жыл ең көп қойылыпты. 

Осы жылдың зерттеуіне көз жүгіртсек, елімізде 33 мың қызда ұлға қатысты есім бар екен.

Көбіне қыз балаға мұндай есімнің берілуі – артынан ұл баланың тууын тілеуі. Бұл ырым ба, сенім бе, кім біледі? Бірақ осы нәрсе қанымызда бұрыннан бар. Сондықтан да ел арасында Ұлболсын, Ұлтусын, Ұлдана, Ұлжалғас, Ұлпан, Ұлбала, Ұлдарай, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту, Ұлмекен, Ұлдархан, Ұлқайда, Ұлкүтем, есімі кеңінен таралған. Ал осыған мағыналас тағы да 300-ге жуық ат бар.

Ұлболсын 1887 адам; Ұлбосын 3529 адам; Ұлжан 9462 адам; Ұлдана 7643 адам; Ұлпан 3493 адам; Ұлжалғас 2565 адам; Ұлбала 1229 адам; Ұлдан 106 адам; Ұлмекен 1731 адам; Ұлтусын 118 адам; Ұлдарай 27 адам; Ұлту 459 адам; Ұлдархан 39 адам.

Қазір отбасындағы ұрыс-керістің, жанұялардың екі кетуінің бір себебі «әйел ұл тумағанынан» екенін жасыруға болмас. Мойындамасақ та, Қазақстанның бір түкпірінде дәл осындай пікірдегі ер адам не сол отбасының ағайын-туысы кездеседі. Статистика осылай дейді, 53,6 % ауылды жерлерде ұл бала туылғанша қыздарына осындай есім береді. Бұл әйелге үлкен жауапкершілік артады.

Бұған абьюзерлік қарым-қатынас та әсер етеді. Одан бөлек жеке адамның нарцисстік көзқарасына байланысты. Бала кішкентай кезінде нарцисст тәрбиесінде өскен. Қазақта ұл бала дүниеге келсе патша санап, бәрін кешіріп, алақанына салып өсіреді, кейін бұл бала өзінің ісінің бәрі дұрыс деп санайды. 

Қазір феминизм, қазақша айтқанда, әйелдерді кемсітуге қарсы күрес деген ұғым, түсінік ерекше айтылып келеді. Қоғамда әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық көбейген шақта бұл тенденцияны түсінуге болады. Көпшілік соның бір ұшы есім мәселесіне тірелетінін жиі айтады.

«Менің атым Қызболсын». Аталмыш фильм көрермендерге қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін туынды. Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңсіздік тақырыбын арқау ететін, осы мәселемен терең күресетін бірегей фильм. Басты кейіпкер Әділ деген жігіт. Фильмде ерлер мен әйелдердің үйреншікті рөлдері ауысып, басқаша шындықта көрсетіледі.

Алдымен ол ер адамдарға деген теңсіздік пен әділетсіз қарым-қатынасқа тап болады. Осы мәселе оны гендерлік теңсіздікке деген сенімі мен көзқарасын өзгертуге әкеледі. Кейін Әділ отбасылық зорлық-зомбылық жағдайына тап болады. Прокурор болғандықтан, немқұрайлы қарамай, жәбірленушінің жағына шығып, өз карьерасын құрбан етсе де, әділдікті іздеуге ат салысады.

Ол өзінің сенімі мен батылдығының арқасында көмекке мұқтаж жандардың құқығын қорғау саласында үздіктер қатарына қосылады. Нәтижесінде ол тәуелсіз құқық қорғаушы ретінде гендерлік теңсіздік пен адалдық үшін күресіп, тарихта өз ісін қалдыра білді.

Режиссер Мақсат Оспановтың «Менің атым Қызболсын» фильмі қалың көрерменге жол тартты.