"Жұрт су үстіне, су астына көпір салып жатыр": Ал біз қара жерге жол сала алмай келеміз - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жұрт су үстіне, су астына көпір салып жатыр": Ал біз қара жерге жол сала алмай келеміз

"Жұрт су үстіне, су астына көпір салып жатыр": Ал біз қара жерге жол сала алмай келеміз

Бізде 8 километрлік теміржол көпірі тұрмақ, 3 метрлік көлік көпірін жасай алмай отырғандарына екі ай болды.

  • 28 Мамыр
  • 80
Фото: caravan.kz

Қазақстандағы жол мәселесі — мол мәселе. Елдегі жағдай мен «жұрттың балалары» салған көпірлерін Caravan.kz медиа порталы салыстырады.

Астананың LRT-сы көз алдымызға елестесе, жылағымыз келеді. 2019 жылы сәуірде тоқтаған нысанның қадалары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қойылған ескерткіш сияқты тұрғанына төрт жылға тақап қалды.

Жеңіс Қасымбектің жерүсті метрополитенінің құрылысы 2022 жылы қайта жандана бастағанын айтып қалғаны бар. Оның сөзінше, қалған барлық шаруа осы жылдың соңында аяқталады. Демек, 2024 жылдың соңында көп күттірген LRT-ға мінуіміз керек. Арада бес ай өтті, жаңалық жоқ.

Президенттің өзі бұл жобаны қате деген.

«Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ», — деген-ді Президент.

Біраз уақыт бұрын президент оңтүстік астана билігі шаһарды экологиялық көліктен айырғанын айтқан.

«Алматыда трамвай жүретін, ешкімге кедергі болмаса да, оны алып тастау туралы шешім қабылданды. Үлкен іс атқарып, рельстерді жойды. Енді Алматы трамвайсыз қалды. Ол қаланың символы болатын», — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

LRT -ны де, трамвайды да қоя тұрайық. Жұрт су астына да, су үстіне де көпір салып тастаған. Ал біз тіпті қара жерге жол сала алмай жүрміз. Бұл туралы Оңғар Қабден деген журналист жазды. Салыстырмалы түрде Қытайдағы теміржол көпірін алайық.

Фэнхэ Мэнхуа теміржол көпірі ұзындығы 7980 метр, 216 тіреуі бар. Ең жоғары тірек 74 м жетеді. 96 тіректің биіктігі 50 м-ден асады. Ең терең қада іргетасы жер астында 91 м. Әлемдегі ең үлкен теміржол өткелі.

«Бізде 8 километрлік теміржол көпірі тұрмақ, 3 метрлік көлік көпірін жасай алмай отырғандарына екі ай болды», — деп жазды ол.

Ал мынау әлемдегі су бетіндегі ең ұзын көпірлердің бірі — Пончартрейн көліндегі көпір.

Луизиана, АҚШ. Көпір екі параллельді жолдан тұрады, олардың ең ұзыны 38,42 км (23,87 миль).

«Жұрттың балдарын қарашы,ә? Ақсуат-Семей бағытындағы «тозақ жолымен» селкілдеп келе жатып мына суретті көріп жылап жібере жаздадым. Жұрт су бетіне, су астына жол салып жатыр. Біз қара жерге жол сала алмай жүрміз ғой. Семей мен Өскеменнен шыққан Көкпекті, Ақсуат, Тарбағатай, Зайсан төрт ауданның халқы мына жолмен зар илеп жүргендеріне он жыл болды. Осы жолмен күнде барып қайтып кеп жүрген таксистердің денсаулығы денсаулық екен. Бір жүріп өткеннен кейін қайта жүруге жүрек шайлығып қалады», — деді Оңғар Қабден.