"Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық": Зейнеп Ахметова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық": Зейнеп Ахметова

"Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық": Зейнеп Ахметова

Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметова ер мен әйелдің мүлде тең емес екенін айтты.

  • 31 Мамыр
  • 60
Фото: ашық дереккөз

Зейнеп Ахметованың сөздері әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде шықты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ер мен әйел теңелген кезде дүниенің шырқы бұзылады. Құдайдың өзі екеуін екі әлем қылып жаратқан. Екеуі бірігіп бір бүтін болып ұрпақ өрбітеді.

Екеуміз теңбіз, бір баланы сен ту, бір баланы мен туайын демейді ғой. Ер азамат пен әйелді тең болады деу – ақымақтық.

Оның бүкіл дене құрылысын былай қойғанда ойы мен санасы, ішкі жан дүниесі адамзат алдында атқаратын міндеті барлығы бөлек. Сондықтан еркек әйел боламын, әйел еркек боламын деп тыраштанбасын.

Әрине, бұл әйел ғалым болмауы керек, әйел қызметте істемеуі керек деген сөз емес. 

Желі қолданушылары бір ауыздан қолдады.

«Зейнеп апайдың зерделі сөздерін зейін қойып тыңдап, орамды ойымен жүз пайыз келісемін»! «Зейнеп әжеміздің әрбір сөзі алтын ғой, мың жасаңыз!», «Осындай әңгімені көп айтыңыздар», «Феминистер ортаға шығыңдар», «Апам ұққан адамға дұрыс айтты», — деп пікір жазғандардың қарасы көп.

Қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова 1965 жылы Қытай жерінде дүниеге келіп, сонда өскен. Ол қазақтың айбынды батыры Бауыржан Момышұлының келіні, яғни Бақытжан Момышұлының жары.

Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлын өз көзімен көрген ел анасы Бауыржан атамыздың бастан кешкендері жайлы қалам тербеп, кітап жазды. Солардың ішінде «Бауыржан батыр», «Шуақты күндер» туындыларын қолына алып, оқыман жан кемде-кем шығар.