"Елдің артын жалағыш, көп адамның дәретхана қағазы": Тоқтар Серіков қадірсіз әншілер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елдің артын жалағыш, көп адамның дәретхана қағазы": Тоқтар Серіков қадірсіз әншілер туралы

"Елдің артын жалағыш, көп адамның дәретхана қағазы": Тоқтар Серіков қадірсіз әншілер туралы

Тоқтар Серіков жағымпаз әншінің ел алдында қадірі болмайтынын айтты.

  • 5 Маусым
  • 849
Фото: Stan.kz

Ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында биліктің көмегіне мұқтаж емес екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші журналистің «Өнер адамы қай кезде қадірін жоғалтып алады» деген сұрағына жауап берген.

«Біржан салдың киносында өнерді патшалардың, бай-манаптардың алдына апарып, өзінің қадірін түсіріп ала ма деп қорқамын деген жері бар. Біржан сал ол кезде дәл бұлай айта қоймаған шығар. Досхан аға бізді меңзеп тұр. Сарай әншісі, жағымпаз әнші болып қадірімді кетіріп аламын ба деп жанталасып жүрген адамдардың құрметіне айтылған сөз. Кімнің не істеп жүргенін уақыт көрсетеді. Мен қандай да бір тірлікке баратын уақытта жолымда қолында үлкен билігі бар кісілер кездесіп қалады. Олармен сөйлессең біраз дүние шешіп алуға болады. Бірақ, мені ар жібермейді. Менің арымның ар жағында ұлым тұр ғой. Ұлым мені бәрінен биік қойып, менің әкем құдайдан басқа ешкімге бас имейді деп айтады. Сол сөзінің өзі маған мотивация. Ертең мен дүниеден өтіп жатсам, біреу менің ұлыма келіп сенің әкең сарай әншісі, жағымпаз, елдің артын жалағыш, туфли сүрткіш, көп адамға дәретхана қағазы болып еді десе, менің балам сол жерде жарылып өліп қалады ғой. Мен солар үшін өмір сүріп жүрмін. Болашақта балам тік жүру үшін шамам келгенше адал тірлікке барамын. Ешкімнен атақ та, қызмет те, үй де сұрамаймын, ешнәрсеге мұқтаж емеспін», — дейді өнер иесі.