Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Тележүргізуші өз ойын желідегі прақшасында білдірді.
“Парадокс”- балам менің. Соңғы күндері “Назарбаев зияткерлік мектептеріне”қатысты жаңалықты ата-аналар қызу талқылап жатыр.Әлім “Назарбаев зияткерлік мектебінің” ақылы ордасында оқыды. Олимпиадник те емес, (оған күштеп дайындауға қарсымын), аса үздік те оқыған жоқ. Бірақ, өзіне не керегін ашық айта алатын, өз дегеніне қалай қол жеткізу керегін қадам-қадамымен жеткізіп, дәлелдеп бере алатын адам болып өсті. “Шет елге бармаймын” деп бірден айтты. Мамандығымды төменгі сатыдан бастаймын деп, “Назарбаев” мектебінен колледжге кетті.
Кеше ұшақтағы бортсеріктермен сөйлесіп қалдым. Балам осындай мектептен сендер оқыған авиа-колледжге кетті десем, таң қалып жатыр. Қалайша?! “Анандай”мектептен бізге келмеуші еді ғой деп…Әлім бірдеңені түсінбеді ме, әлде мен баланы тоқтатуым керек пе еді деп қалдым. Бірақ, мен үшін баланың ынтасы маңызды. Өзінің таңдаған жолында менің қолдауым ол үшін маңызды.
Сондықтан “парадокс-балам” шет елді емес, жұмысшы мамандық-авиа-техник, болашақ авиа-инженерлікті таңдап, қазір бар көңілімен сабаққа барып жүргенін көріп қуанамын. Бастысы өзіне ұнайды. IB жүйсімен оқытып, баланың жүйелі ойлау, сыни ойлау қабілетін қалыптастырған,өзі жеке, командада жұмыс істей алатын адамды тәрбиелеген ұстаздарға зор алғыс!», — деп жазды ол.