Алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері 43 градусқа дейін ыстық болады

Синоптиктер 6,7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

  • 5 Маусым
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Қазгидромет» болжамы бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген облыстарда жаңбыр жауады: 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда республиканың шығысында күн күркіреп, екпінді жел соғады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.

«Елдің оңтүстігінде күндіз +35…+43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +35…+40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Еліміздің батысында 6-7 маусымда күндіз +30…+38 градус, 8 маусымнан бастап +25…+30 градусқа дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күндіз +22…+30-дан +20…+25 градусқа дейін аздап төмендейді», — делінген хабарламада.