Айдос Садықовтың жағдайы бұрынғыша ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айдос Садықовтың жағдайы бұрынғыша ауыр

Айдос Садықовтың жағдайы бұрынғыша ауыр

Дәрігерлер оның тірі қалуына бірінші түні 0,01% берсе, қазір 5% шамасы екен.

  • 24 Маусым
  • 19
Фото: Наталья Садықованың парақшасынан алынған

Басына екі рет оқ тиген «Бәсе» ютуб арнасының басшысы қазір өмірі үшін күресіп жатыр. Әйелі Наталья Садықованың айтуынша, жағдайы бұрынғыша ауыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сондай-ақ жұбайы күйеуіне кімнің қастандық жасағанын «Демократиялы Қазақстан» арнасына берген сұқбатында айтты. Одан бөлек өзінің фейсбуктағы парақшасында да жазған.

«Айдос Садықовтың жағдайы бұрыңғыша ауыр. Бірінші түннен шықты. Сол күні өліп кетуі мүмкін еді, алайда ол арпалысып тірі қалды. Демек Жаратқанның оған әлі жоспары бар», — деді ол.

«Бұл суретте біз бәріміз бірге ас үйде отырмыз, бақыттымыз. Бәрі бұрынғыдай болып, сүйікті жарым мен қыздарымның әкесі Айдос Садықовтың қасымызда болғанын қалаймын. Айдостың қазақтар үшін жанын беріп, олардың құқығын қорғауға көмектесіп, ұры-қарыларды, өтірікшілерді әшкерелегені үшін кек алды. ҰҚК-нің арнайы жасағынан мамандарын жіберді.

Айдос жансақтау бөлімінде жатыр. Өз өмірі үшін жанталасып күресіп жатыр. Статистикаға сәйкес, басына оқ тигеннен кейін тірі қалу мүмкіндігі 5 пайызды құрайды. Дәрігерлер оның тірі қалуына бірінші түні 0,01% берсе, қазір 5% шамасы. Осы бес пайызға Айдос енді. Операциядан кейін дәрігерлер оның түнде аман қалуы ғажап болатынын айтты. Айдос бес күн бойы міне күресіп келеді. Оның мінезі сондай, статистикаға да, жүйеге де бағынбайды», — деп жазды Наталья Садықова.