Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Өкінішке қарай, мұндай статистика бар. Өткен жылы бала сату бойынша 19 қылмыстық іс тіркелсе, биылдың өзінде 6 факті болды. Негізінен балалар еліміздің ішінде сатылады. Қандай да бір физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты балалы бола алмайтын адамдар бар. Бұл сұранысты қанағаттандыратын адамдар да табылады», — деді ол Сенаттың жалпы отырысы аясында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, бала сату фактілеріне перзентханалардың, балалар үйлері қызметкерлерінің және қалауынсыз жүкті болған адамдардың қатысы бар. Сонымен қатар ол бала сатқандарға қатаң жаза қолданылатынын айтты.
«Жаза өте қатаң. Балаларды сатқаны үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айрылылады», — деді Марат Қожаев.