«Таңертең Ауғанстанға аттанамыз»: Қара хиджаб киіп, көк ту жамылған жас қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Таңертең Ауғанстанға аттанамыз»: Қара хиджаб киіп, көк ту жамылған жас қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)

«Таңертең Ауғанстанға аттанамыз»: Қара хиджаб киіп, көк ту жамылған жас қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)

Бұл әрекет желі қолданушыларының үрейін тудырды.

  • 11 Шiлде
  • 60
Фото: видеодан алынған

Tiktok әлеуметтік желісінде бет-аузын қара никабпен тұмшалаған 7 қыздың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Азаттық рухына сілтеме жасап.

Видеода 7 қыз «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» әнін қойып, көкке қарап саусақтарын шошайтқан. 

Бұл әрекет желі қолданушыларының үрейін тудырды.

«Қорқынышты, апаларымыз бұлай киінбеген. Былай киінген қате, дұрыс емес. Жамылғанның ішінде қару барлары бар шығар. Байқау керек. Арабқұлдар. Қазіргі заманның ниндзялары», — деп жазған олар.

Видеоның авторы болса жазылған пікірлерге жауап бере отырып, «Болды халқым, таң азанмен Ауғанстанға кетеміз» деп жазған.