Көпшілік оларды қайғыра еске алып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қаза болған сарбаздардың жақындары марқұмдармен бірге фото-видео жүктеп, олардың жетісін өткізіп жатқандарын жеткізген.
«Бүгін сенен айырылып қалғанымызға ат төбеліндей жеті күн өтті», — деп жазған марқұмдардың жақындарының бірі.
Қазақстандықтар әлі күнге дейін қаза болған сарбаздарға көңіл айтып, қайғылы қазана ауырлықпен қабылдағандарын жеткізіп жатыр.
«Тепсе темір үзетін азаматтар, қыршыннан қиылды», «Иманды болсын», «Жақындарына қандай қиын» деп жазды олар.