Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Продюсердің бұлай айтуына блогер Мөлдір Анарбаеваның сөзі себеп болған. Естеріңізде болса, журналист Мөлдір Анарбаева көпшілік алдында шығып бүтін қазақтың ер азаматын бірдей жауыз көрсетуге тырысатын коучтарға шүйліккен еді. Ол “Күйеуден сұрану” айып немесе ұят дүние еместігін түсіндіруге тырысқан болатын.
«Осы сөзді айтам деп, басым бәлеге қалды ғой, бүкіл ютуб комментімді тақырып қойып шығарып. Сенде қыз болмаған соң айта бересің деп біреулері. Қызым болмаса, өзімде біреудің үлпелеп өсірген қызы болдым емес па? Ия сұранамыз, еркін бару үшін, еркін отыру үшін, қылпылдап ұрлық жасаған адамға ұқсамай.
Соның бәрін келіндеріміз көріп отыр, олар соны қайталайды. Бірақ солай азғыратындар қаншама келіндерді өзгертіп жатыр, ол рас. Шындықты айтып шырылдаймыз, өйткені анамыз. Аналардың көргенсіз болуы, қазақ елінің тамырына балта шабады. Өте дұрыс айтып отырсың», — деп жазды ол.
