Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утиль алымын алып тастау бойынша қоғамдық тыңдау өткізді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Оның барысында министрлік өкілдері петицияда айтылған уәждерді «жалған» деп атап, алып тастау туралы талапты орындаудан бас тартты. Петиция 50 мыңға жуық қол жинаған.
«Петицияда көрсетілген уәждердің шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ шешім жобасын жария талқылау барысында өзге негіздемелер ұсынылмағанын ескере отырып, келесі ұсынылады: Петицияны қанағаттандырудан бас тартылсын!», — деді министрлік өкілі Әділбек Бектібаев.
Ол мұндай шешімнің қабылдану себебін түсіндірді.
«Қылмыстық тазалығы мен қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейтін ескі автокөліктерді елге әкелудің өсуіне әкеледі. Нәтижесінде адал сатып алушы зардап шегеді, яғни өз көлігінсіз қалуы немесе ЖКО-на түсуі, өзінің және басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Автопарктің едәуір ескіруіне, бұл экологияға кері әсерін тигізеді. Бізге не айтса да, өкінішке қарай, елден ескі көліктерді әкету жүзеге асырылмаған.
Елімізде 633 мыңнан астам көлік міндетті техникалық тексеруден әлі өтпеген. Мұндай көліктерді не істеу керектігін ешкім білмейді, мүмкін мұндай көліктер жоқ та шығар немесе пайдалануға жарамсыз. Ел экономикасына кері әсерін тигізетін жаңа автокөліктердің заңды саудасының үлесінің төмендеуі, сондай-ақ біз күресуге тиісті көлеңкелі нарықтың өсуі. Осының барлығы біздің нарықта ескі автопаркті сату арқылы ЕАЭО-дағы серіктестердің көлік паркін жаңартуға оң әсерін тигізеді», — деді ол.
Ал тыңдауға министр Қанат Шарлапаев тіпті келмеген.