Мола салудан бәсекелестікті тоқтату керек - саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мола салудан бәсекелестікті тоқтату керек - саясаттанушы

Мола салудан бәсекелестікті тоқтату керек - саясаттанушы

Әлемнің біраз елінде зиратқа қатысты ортақ стандарттар бар.

  • 17 Шiлде
  • 10
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстанда зираттарға ортақ стандарт, дизайн енгізу талқылануда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Зираттар бір типте болуы тиіс дейді. Қазір бірінен бірі өткен, сарай іспеттес зираттар көп дегенді айтыпты. Зират салу да марқұмның жақындары үшін көп шығын әкелетін болды дейді. Зират қарапайым, қолжетімді және аз шығын әкелетін типте жасалуы қажет екеніне басымдық беруде.

Бұл бір қалада ма, әлде тұтас Қырғызстан бойынша ма, ол жағы белгісіз. Әзірге талқылауға шығарылыпты.

Әлемнің біраз елінде зиратқа қатысты ортақ стандарттар бар. Ол көбіне жерлеу және зиратын көтеруге қатысты қолданылады.

«Бала кезімізде түрік сериалдарын көріп отырып, “зираттары қандай бірдей” деп таңданушы едім. Кейін білдік қой оның ортақ стандарт бойынша салынғанын», — деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Жалпы қырғыз ағайындар дұрыс істеп жатыр. Біздегі кей ауылға қарағанда, ауыл шетіндегі зираты әдемі ғой. Соңғы ақшасын салса да, сарай іспеттес көтеріп жатқандар бар.

«Өте дұрыс. Мола салудан бәсекелестікті тоқтату керек», — деп қолдады журналист Сәуле Әбілдаханқызы.