Арал теңізін сақтау үшін Дүниежүзілік Банк қаражат бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал теңізін сақтау үшін Дүниежүзілік Банк қаражат бөледі

Арал теңізін сақтау үшін Дүниежүзілік Банк қаражат бөледі

Жоба үш негізгі бағыттан тұрады.

  • 18 Шiлде
  • 4
Фото: ашық дереккөз

Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр.

Бұл туралы Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуде ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банктің гранты есебінен жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде.

Жоба үш негізгі бағыттан тұрады. Біріншісі – Солтүстік Арал мен Сырдария өзенінің саласындағы инфрақұрылымды дамыту және гидрологиялық жағдайын жақсарту. Екіншісі – Қызылорда облысындағы тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайды қолдау. Үшіншісі – су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасы мен жүйелерін жаңарту.

«Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті. Екінші кезең су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыруға арналған», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.