Қайтыс болған 44 жастағы әйелдің ағзалары бес адамға сәтті трансплантталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайтыс болған 44 жастағы әйелдің ағзалары бес адамға сәтті трансплантталды

Қайтыс болған 44 жастағы әйелдің ағзалары бес адамға сәтті трансплантталды

Геморрагиялық инсульт алған 44 жастағы әйелдің туыстары ағзалардың донорлығына келісімін берген.

  • 22 Шiлде
  • 19
Фото: ҚР ДСМ

University Medical Center клиникаларында донорлық ағзаларды транспланттау бойынша сәтті жүргізілген операциялар ағзаны трансплантаттауды күту парағында тұрған бес адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Донор геморрагиялық инсульт алған 44 жастағы әйел болды, дәрігерлер консилиумы мидың өлімін растады. Қиын жағдайда оның туыстары бұл қадамның маңыздылығын түсініп, қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына келісім берді.

UMC жүрек орталығында медициналық топ бұрын механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы LVAD имплантатталған 43 жастағы пациентке донорлық жүректі  трансплантаттауды жүргізді. Екінші пациентке өкпені трансплантаттау жүргізілді. UMC Ана мен бала орталығында 15 жасар қызға бүйрек тітрансплантаттау жүргізілді. Барлық реципиенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар мамандардың бақылауымен оңалтудан өтеді.

Сондай-ақ, екінші донорлық бүйрек пен бауыр Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантатталды.

Донорлық ағзаларды трансплантаттау ең күрделі операциялардың бірі болып табылады, алайда тәжірибе, дағдылар және техникалық жарақтандыру оларды біздің елімізде жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Жүрек пен өкпені трансплантаттау қайтыс болғаннан кейінгі донордан, мидың өлімі расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Алайда, одан әрі процесс көбінесе әлеуетті донордың жақын туыстарының шешіміне байланысты.

Ағзаларды трансплантаттауды сәтті жүргізу — бұл әртүрлі мемлекеттік және медициналық қызметтердің үйлесімді топтық жұмысы. Трансплантологтар тобы бірінші кезекте донордың жақындары мен туыстарына, ағзаларды трансплантаттау бойынша бірқатар күрделі операцияларды қауіпсіз жүзеге асыруға көмектескендердің барлығына алғысын білдіреді.