Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстанның келесі қарсыласы - беларусьтар - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстанның келесі қарсыласы - беларусьтар

Хоккейден Әлем чемпионаты: Қазақстанның келесі қарсыласы - беларусьтар

Финляндия және Швецияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстанның құрама командасы әлі бірде-бір жеңіске жете алмады.

  • 7 Мамыр 2012
  • 460
Фото - Caravan.kz

Ертең, мамырдың 8-і күні біздің хоккейшілер Беларусьтың ұлттық құрама командасымен кездесетін болады.

Осы уақытқа дейін А.Шаяновтың шәкірттері екі кездесу өткізіп, оның екеуінде де жеңіліп қалды. Бірінші ойында қазақстандық хоккейшілер Франциядан 3:6 есебімен ұтылса, екінші матчта Швейцариядан (1:5) айласын асыра алмады. Енді, ертең Қазақстанның құрама командасы үшінші кездесуді беларусьтықтармен өткізетін болады.

Бұған дейін біздің қарсыластарымыз да екі рет жеңілген еді. Олар Финляндиядан 0:1 есебімен жеңіліп, Швейцариядан 2:3 болып ұтылды. Дегенмен, Беларусь құрамысының қауқары қатты болып тұр.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын хоккейшілер — Талғат Жайлауов, Роман Савченко, Роман Старченко, Дмитрий Дударев, Вадим Краснослободцев, Федор Полищук, Алексей Трощинский, Виталий Новопашин және тағы басқалар қорғап жүр.