Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. “Балқаш жолбарысы” деген лақап атпен танылған Ернат Түгелбеков кезекті айқасын жеңіспен аяқтады. Алайда ол бұл жаңалығын анасына сүйіншілей алмады.
“Осыдан 3 сағат бұрын суық хабар келді. Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді, бірақ шықтым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз, Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегем. Анам қатты ауырды”, – деп жылады спортшы.