Моңғолияда мемлекеттік кәсіпорындар саны 30%-ға қысқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 524.13
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолияда мемлекеттік кәсіпорындар саны 30%-ға қысқарды

Моңғолияда мемлекеттік кәсіпорындар саны 30%-ға қысқарды

Мыңдаған қызметкер жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындар оңтайландырылады

  • 11 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет отырысында «Мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты кейбір шаралар туралы» қаулы бекітіліп, «Мемлекеттік және муниципалдық компанияларды корпоративтік басқару туралы» заңды іске асыру жұмыстары басталды.

Атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындардың саны 30%-ға қысқартылып, 25 ұйым мемлекеттік бюджеттен шығарылмақ. Сонымен қатар штат саны 108-324-ке дейін қысқартылады. Жалақы қоры мен өзге де ағымдағы шығындарды азайту есебінен 30 млрд тугрик үнемдеу жоспарланып отыр.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік және муниципалдық компанияларды корпоративтік басқару туралы» заңның күшіне енуіне байланысты Үкімет оның іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру, қоғамдық қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерге айналдыру және таратуға қатысты тізімдерді бекітті. Аталған тізімдер үкімет қаулысына қосымша ретінде қабылданды.

Қаулы жобасына сәйкес, біріктіру және тарату шаралары 25 мемлекеттік кәсіпорынды қамтиды. 2025 жылғы дерек бойынша, бұл ұйымдарда жалпы саны 2162 адам жұмыс істеген, ал олардың жылдық еңбекақы қоры 73,2 млрд тугрикті құраған.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, басқарудағы қайталанатын функцияларды, әкімшілік және шаруашылық қызметтерді біріктіру, сондай-ақ ұйымдардың құрылымы мен штат санын оңтайландыру жоспарланып отыр.

Ғимараттарды пайдалану, көлік қызметі, іс жүргізу, мемлекеттік сатып алу, ақпараттық технологиялар және басқа да әкімшілік-шаруашылық функцияларды орталықтандыру ағымдағы шығындарды қысқартып, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2025 жылғы мәлімет бойынша, елдегі 65 мемлекеттік кәсіпорында 7030 адам жұмыс істейді. Оның 26-сы өз қызметінен түсетін табыс есебінен шығындарын толық жабады. Ал қалған 39 кәсіпорын мемлекеттік бюджеттен жалпы сомасы 153,1 млрд тугрик көлемінде субсидия алады.