Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 524.13
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді

Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Ақтөбеде футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтен Ақтөбеде жаңа футбол стадионын салуға 6,5 млрд теңге бөлді.

  • 11 Қыркүйек
  • 1
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сыйымдылығы 35 мың көрерменге дейін жететін жаңа заманауи стадион қаланың батыс бөлігінде, ауданы 25 гектар болатын аумақта салынуда. Кешен өңірдегі ең ірі спорт инфрақұрылымы нысандарының біріне айналмақ, онда жас спортшылар даярланатын болады.

Стадион УЕФА-ның 4-деңгейінің талаптарына сәйкес жобаланған, онда жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асатын бес қабатты спорт ғимаратының құрылысы салынбақ. Нысанда футбол алаңы мен көрермендер трибуналарынан басқа командалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған инфрақұрылым болмақ.

Жобаны үш кезеңде жүзеге асыру жоспарлануда. Үкімет бөлген 6,5 млрд теңге биыл басталған бірінші кезеңге бағытталатын болады. Нысан құрылысы 2028 жылдың қыркүйегінде аяқталып, пайдалануға берілмек.

Ақтөбенің бұған дейінгі бар орталық стадионы 1975 жылы салынған және шамамен 13 мың көрерменге есептелген. Десе де, «Ақтөбе» ФК-нің өз алаңында өткізетін матчтарына деген жанкүйерлердің қызығушылығы күннен-күнге артып келеді: ойындарды көргісі келетіндер саны кейде аренаның көлемінен үш есе асып кетіп жатады. Сондықтан жаңа стадионның құрылысы қаланың нақты қажеттілігінен туындап отыр, өйткені оның спорттық өмірінде футбол ойыны бұрыннан-ақ маңызы зор.

Жаңа арена келушілерді көбірек қабылдауға, халықаралық деңгейдегі матчтарды, сондай-ақ ірі спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.