Қайыр тілеу ұят емес, қалыпты өмір болып барады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайыр тілеу ұят емес, қалыпты өмір болып барады

Қайыр тілеу ұят емес, қалыпты өмір болып барады

Қазір керісінше жоқ емес тоқ заман, бірақ қол жаятындар көп.

  • 25 Шiлде
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілер, тіпті, бүлдіршіннің өзін қол жаюға үйреткендей, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Гүлмира Абықай басынан өткен оқиғамен бөлісіп, пікір білдірді.

Кез-келген желіні ашсаң ақша сұрау, қоғамдық көліктерде ауруға ақша сұрау, парктерде қыдырып жүрсең еріктілер садақа деп қол жаяды.

«Бүгін + 40С аптапта көлікте бір адамды күтіп отырсам мына балақай терезеге жақындап сөйлеп жатқанын байқадым. Бойы жетпейді, сөзі естілмейді.

-Ау, не дейсің?

-500 теңге беріңізші!

-Оны не істейсің?

-Балмұздақ аламын.

-Ата-анаң біле ме тиынды елден сұрап жүргеніңді, атың кім, қайда тұрасың, үйің қайда, жасың нешеде, күнде осылай жүресің бе деген сауалдар қатар кетті.

Жасы 5-те, есімі Айсұлтан екен. Айтуынша, 3 ағасы үйде, әкесі ажырасып кетіп қалған. Анам шаш кеседі деді.

Ең сорақысы, балақай өзінің қол жайып, тұрақтағы әр көлікті тоқылдатып, ақша сұрап жүргеніне қымсынып, ұят деп ойлап тұрған жоқ.

Бірден полицияға хабарласып, табыстайын дедім де райымнан айныдым.

-Жүр, қолыңа ақша бермеймін. Балмұздақ пен сусынды өзім әперемін, екінші бұлай сұрама, қол жаю, қайыр тілеу ұят” деген сияқты ақылдарымды айтқансыдым.

Сәлден соң Айсұлтанның басқа (жүргізушісі рульде отырған) көліктерді жағалап жүргенін тағы байқадым.

Біз Алматыға студент болып келгенде қалада қайыршы аз еді. Ілеуде бір сыған-тәжіктер не маскүнемдер ғана “Дай 5 копеек” деп жүретін. Ол кезде қол-аяғы жоқ жарымжанның өзі қайыр тілеуді ар санайтын.

Эххх, заман-ай… Қазір керісінше жоқ емес тоқ заман, бірақ қол жаятындар көп.

Қазақтың қайыр тілегенін көріп сығандар кетіп қалған ба, көшеде қайта олар аз», — деді Гүлмира Абықай.