«Майқайың-алтындағы» апат: Соңғы адамның денесі табылып, іздестіру аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Майқайың-алтындағы» апат: Соңғы адамның денесі табылып, іздестіру аяқталды

«Майқайың-алтындағы» апат: Соңғы адамның денесі табылып, іздестіру аяқталды

Майқайың-алтын кенішінде болған апаттан кейін іздестіріліп жатқан төртінші адамның денесі бірер сағат бұрын ғана табылды.

  • 26 Шiлде
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Марқұм болған  Айып Тілеубергеновтің денесі апаттан жеті айдан кейін 75 метр тереңдіктен шығарып алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы КТК арнасының жаңалықтар қызметі жазды.

Бүгін адамдарымен бірге құрдымға құлап кеткен автобус та табылды. Қазір ауыр техниканы сыртқа шығарып жатыр.

Құтқару жұмыстарына 200-ден астам қызметкер тартылған. Олар 180 мың тоннадан астам топырақты сыртқа шығарған.

Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты топырақтың опырылып кету қаупі басым болғанын айтады. Олар жауынға қарамастан, аса сақтықпен ауыр техниканы аршып алуға әрекеттенген.

Еске сала кетейік, Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» кенішіне құтқарушылар мінген автобус 4 қаңтар күні ашық шахтаға құлап кеткен. Апат орнынан бүгін соңғы адамның денесі табылып, іздестіру жұмыстары да аяқталды.

«Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және айтарлықтай қауіппен жүргізілді. Тау жыныстары мен топырақ үнемі сырғып түсіп жатты. Құтқару жұмыстары кезінде шағын экскаватор автобустың орналасқан жеріне түсіріліп, жұмыс жүргізген кезде нәтижесін берді», — деді Олег Трещёв, Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары.