30 шілдеде Жерде өте қатты магнит дауылы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 шілдеде Жерде өте қатты магнит дауылы болады

30 шілдеде Жерде өте қатты магнит дауылы болады

Ауа райына тәуелді адамдар мұндай кезде өзін нашар сезінуі мүмкін.

  • 30 Шiлде
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Ғарыштық зерттеу институтының Күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, 30 шілдеде G1 деңгейлі магнит дауылы басталды, ол кешке қарай максималды бес деңгейдің G3 деңгейіне жетеді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Геомагнит дауылы 31 шілдеде ғана G1-G2 деңгейіне дейін әлсірей бастайды. 1 тамыз түстен кейін қайтадан көтеріліп, кешке G1-G2 деңгейінде сақталады.

2 тамыздан 24 тамызға дейін қалған күндері магнитосфера тыныш болады. Ал 25 және 26 тамызда тағы да магнит дауылы болады деген болжам бар.

Геомагнит дауылы – күн желі ағындарының әсерінен Жердің магнит өрісінің бұзылуы.

Геомагнит дауылы түскі уақытта шарықтайды. Дәрігерлер бұл уақытта физикалық белсенділікті азайтып, далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Магнит дауылдары электроникаға кедергі келтіруі мүмкін. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар тұрмыстық техникадан аулақ болғаны дұрыс.