"Қазақтарды қалай басқаруға болады": Халық дүкендерде сатылып жатқан аталмыш кітапті алып тастауды талап етіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтарды қалай басқаруға болады": Халық дүкендерде сатылып жатқан аталмыш кітапті алып тастауды талап етіп жатыр

"Қазақтарды қалай басқаруға болады": Халық дүкендерде сатылып жатқан аталмыш кітапті алып тастауды талап етіп жатыр

Әлеуметтік желіде түрлі сынға қалған кітаптың тарихы мен маңыздылығы жайлы сөз қозғалып жатыр.

  • 2 Тамыз
  • 23
Фото: Facebook.com/ Оңғар Қабден

Әлеуметтік желілерде қалалардағы кітап дүкендерінде, жанармай бекеттерінде «Как управлять казахами» деген кітап жарыққа шығып, сатылып жатқаны туралы видеолар пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа поталы.

Тура аударсақ, «Қазақтарды қалай басқаруға болады» деп аударады.

Бұл кітаптың шығу тарихына үңілсек, сонау 1734-жылдары Петр І-нің кеңесшісі болған Иван Кирилловтың деректеріне жүгінген екен. 2024 жылы сол кітапты қайта басып шығару колониалды кезеңді өзің іздеп барумен пара пар емес пе?

Бұл бассыздық деген журналист Оңғар Қабден аталмыш кітаптарды алып тастау керек деген пікір білдірді.

«Бұл кітаптың басылымға шығуына бастамашы болған Бақытжан Бұхарбай екен. Кеңес Рақышев қаражат құйыпты. Олар мұнымен не айтқысы келді екен? Мақсаты не? Қазақтар өз-өзіне бас бола алмайды, біреу келіп басқару керек дегені ме? Әлде қайтадан Ресейдің қол астына өтейік дегені ме? Қазақты біреу басқаратындай, оның өзі басы, өз ақылы жоқ па? Бұл бүкіл қазақтың бетіне шашылған күл емес пе?

Мына кітап жазылған 18 ғасырда ата-бабамыз не көрмеді? Байлығынан да, отбасынан да, жақындарынан да, зиялы қауымынан да, оқуға деген мүмкіндіктен де, бәрінен айырылды. Тіпті, аш қалып, өмірінен де айырылып жатқандар болды. Соның бәрін істеген осындай «как управлять казахами» деген түпсанаға берілген озбыр орыстардың саясатынан орын алды. Ал бүгін соны әспеттеп, құрметтеп тәуелсіз Қазақстанның кітап сөрелеріне қойып қою кімге керек?

Егер сол «как упралять казахами» деп жүргендер болмағанда, қазақ даласындағы өркениет баяғыда дамыған елдермен қатар болар еді. Орыстардың саясаты кесірінен ондаған, жүздеген жылға артқа кетіп, дамуымыз тежеліп, бас сауғалап, әр жерге көшіп кеткен жоқпыз ба?

Сол «как упралять казахами» деп жүргендердің кесірінен қанша қандасымыз шекара асып, қуғын-сүргіннен қашып, әлі де әлемнің түкпір-түкпірінде тілі мен мәдениетінен ажырап жүр емес пе? Осының бәрін біле тұра, көре тұра қалай ғана тәуелсіз санамен мынадай кітапты басып шығаруға болады?

Кітап авторлары мен оған қолдау білдіргендер, кітапты сөрелеріне қойған дүкендер жазаға тартылып, айыппұл төлеуі керек. «Ой, аяғымызды шалыс бастық» деп кешірім сұрап, видео жазып, жылы жауып қоя салуға болмайды. Егер мұндай бассыздықтардың жолын бүгін кеспесек, егер өзімізге өзіміз мысқалдап, күліп қарап, билігімізді басқалардың қолына оңай ұстата салсақ, елдігімізге сын емес пе? Онда басқа ұлттар елімізде ойына келгенін істеп, ойран салмайды ма?

Ойланайық, бүгін қазақтарды қалай басқаруға болады деген кітаптардың шығуына жол беріп жатсақ, ертең мұнан да сорақысы болуы мүмкін», — деді ол.

Кейбір желі қолданушылары керісінше, бұл кітапты әр бір қазақ оқуға тиісті деген пікір білдіруде.

«Бұл керісінше дұрыс шығар. Өйткені қазақтар ресей империясына өз еркімен қосылған, біз сендерді құтқарып қалғанбыз дегендерге жауап ретінде қарсы қолданатын тарихи факт ретінде пайдалану керек шығар. Советтік тарихтан өзгені білгісі келмейтін өз қазақтарымызға да тарихи санасын көтеруге ықпал ететін шығар».

«Керсінше, тарихта жіберген қателіктерді оқып-білу керек емес пе? Көптеп оқыту керек бұндай кітаптарды. Орысша екен, қазақшаға аударту керек»!

«Бақытжан Бұқарбай дұрыс емес кітап шығармайды. Кітапты өзіңіз оқымағансыз ғой деймін», — деп жазып жатыр халық.