Қазақстан ЛГБТ-ны ауыздықтауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ЛГБТ-ны ауыздықтауға кірісті

Қазақстан ЛГБТ-ны ауыздықтауға кірісті

Елімізде петиция деген ойыншыққа айналды ма?

  • 5 Тамыз
  • 5
Фото: ашық дереккөз

Осыдан біраз бұрын елімізде ЛГБТ-ны насихаттауды тыюға шақырған петиция жарияланған еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Көптеген шулы тақырыптың арасында байқалмай қалды-ау. Бірақ бұл маңызды мәселе еді. Аталған мәселеге қатысты жұмыс тобының отырысы өтті.

Петиция авторлары ЛГБТ тақырыбын ашық және жасырын насихаттауға заң жүзінде тыйым салуға шақырған еді. Аз уақыттың ішінде бұған 50 мың адам қол қойып үлгерді. Осының өзі халықтың жалпы көзқарасын білдірсе керек.

Жұмыс тобының отырысы бойынша петицияны жартылай қанағаттандыру туралы алдын ала шешім қабылданыпты.

«Өз басым, толықтай қолдайды деп үміттеніп едім. Алайда Қазақстан халықаралық адам құқықтары жөніндегі құжаттарға қосылған мемлекет. Сондықтан ЛГБТ секілді біздің ұғымға жат дүниені түбегейлі шектей алмайды. Бұл жағынан алғанда, жұмыс тобының шешімін түсінуге болады», — деді журналист Оңғар Қабден.

Өздерін еркіндіктің насихатшысы санап жүрген біраз псевдо-белсенді бұл шешімге наразы болатын шығар. Бірақ көпшілік қолдайды деп есептеймін. Өйткені қазақ қоғамы үшін ЛГБТ жат тақырып. Қандай жағынан алып қарасаң халық оны қолдамайды. Мысалы, 2021 жылы жүргізілген сауалнамада қатысушылардың 91 пайызы гомосексуалдықты қолдамайтынын ашық білдірген.

Өкінішке қарай, кейінгі жылдары әлемде ЛГБТ насихаты деген жағымсыз үрдіс басталды. Көрінген жерге соны қоса береді. Кино түсірсе, міндетті түрде кейіпкердің бірі гей болуы керек.

Тіпті, тарихты қазбалап, пәленше «көгілдір» екен деп, жерден жеті қоян тапқандай шулап жатады. Құдды, қасында шырақ ұстап тұрған секілді.

«Бірнеше жыл бұрын «Болашақпен» шетелге оқуға барған бір жігітті гейлерге қарсы пікір білдіргені үшін оқудан шығарып жіберді деген әңгіме естіген едім. Рас-өтірігін білмедім, бірақ ондай жағдайдың болу ықтималдығын жоққа шығармаймын. Өйткені батыста толеранттылықтың реті осы екен деп, беталды кетіп қалды.

Кей адам осындай жағымсыз үрдісті Қазақстанға да әкелгісі келіп жүргеніне біраз болды. Өзін заманауи санайтындар ЛГБТ-ға қарсыларға күлетінін де байқаймын. Қуантарлығы, олардың қатары аз. Дегенмен петиция дәл керек кезінде жарияланып отыр. Жұмыс тобы оны жартылай қанағаттандырса да, дұрыс шешім болды», — деп түйіндеді ойын журналист.