"Спортшылардан елге ешқандай пайда жоқ, олар елді әлемге танытады деген бос әңгіме": Продюсер олимпиада чемпиондары туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 492.17
  • 522.39
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Спортшылардан елге ешқандай пайда жоқ, олар елді әлемге танытады деген бос әңгіме": Продюсер олимпиада чемпиондары туралы

"Спортшылардан елге ешқандай пайда жоқ, олар елді әлемге танытады деген бос әңгіме": Продюсер олимпиада чемпиондары туралы

Танымал продюсер, көпке өткір пікірлерімен танылған Серік Абас-Шах өзінің желідегі парақшасында олимпиада спортшылары сынға алынған пікірді жариялады.

  • 5 Тамыз
  • 355
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Илияс Мыңжасаров есімді азаматтың пікірін желіге салған ол, әр спортшы ел емес, алдымен өзі үшін сынға түсетінін атап өткен.

«Негізі спортшыларды пір тұту — банан республикаларға ғана тән әдет. Басқа салаларда дұрыс даму жоқ болғандықтан, халық спорт жетістіктеріне қатты мән береді. Үкімет үшін де сол жетістіктер идеологиялық қару. “Біз олимпиада/әлем чемпионаты т.б. жарыста мықты нәтиже көрсеттік, үкімет дұрыс саясат жүргізіп жатыр” дегендей. Бірақ, былай қарасақ, сол спортшылардан елге ешқандай да пайда жоқ. “Әлемге таныту”, “әлемдік пиар” деген бос әңгіме. Бүкіл әлем танығаннан не пайда? Бразилиядан әлемге әйгілі қанша футболшы шықса да, әлеуметтік жағдайы түзелген емес. Мессидің атағы Аргентинаның инвестиялық климатын арттырды дегенді естімеппін. Әрине, спортшыларды мақтан тұтамыз. Сметов — красавчик. Сөз жоқ. Бірақ ол ең алдымен Елдостың жеке басының қасиеттері арқасында. Әр спортшы ең алдымен өзі үшін шығады алаңға, содан кейін ғана ел мен жер үшін. Ол заңдылық. “Ел мен жер” деген пафосқа алдаңбауымыз жөн. Елімізге келетін турист, инвестор, экспат, ғалымдарға спорттағы жетістіктер түк керек емес. Оларға еліміздегі инфраструктура, жол сапасы, туалеттердің түрі, орындалатын заңдар, мемлекеттік органдардың адалдығы маңызды. Әлемдік пиар мен инвестиция сол кезде келеді. Так что, бокстан жеңіліп жатқанымыз дұрыс болды. Өтірік алданбайтын болдық. Біз ешқандай да держава емеспіз. Французды татамида ұтсақ да, Францияны қуып жете алмаймыз.

Спортты бюджеттен қаржыландыруды доғару керек. “Әлеуметтік лифт”, “денсаулыққа пайда” деген аргумент емес. Ол ақшаның көбісі спортшылар мен жастарға емес, түк бітірмейтін спорт функционерлеріне кетіп жатыр. Демеуші іздеп, жарнама жасап, өз күнін өздері көрсін. Өз басым, жалақымнан төленген салықтың бір де бір тиынын спортқа жұмсағанын қаламаймын. Одан гөрі жылдан жылға халықаралық пән олимпиадалар мен жоба конкурстарында нәтиже көрсетіп жүрген оқушыларға берілсін. Тек халықаралық деңгейде медаль алғандар емес, республика деңгейінде жетістігі бар болса да жақсы сыйақы берілсін. Бір ғана төлем емес, жыл бойы стипендия беріліп тұрсын. Ресей өз таланттарын солай бағалайды. Біздің қай жеріміз кем?

Пікір иесі Ильяс Мыңжасаров», — деп жазылған продюсердің желідегі парақшасында.