Ресейдегі утильалымның қымбаттауы бізге әсер ете ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдегі утильалымның қымбаттауы бізге әсер ете ме?

Ресейдегі утильалымның қымбаттауы бізге әсер ете ме?

1 қазаннан бастап Ресейде утильалымды 80 пайызға дейін көтергелі жатыр.

  • 14 Тамыз
  • 12
Фото: ашық дереккөз

Ресейде утильалымның қымбаттауы Қазақстанның автонарығына қалай әсер етеді? Бұл сұраққа өнеркәсіп министрі жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ресейдегі өзгерістер Қазақстандағы көлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді деп санайды Қанат Шарлапаев. Дегенмен ескі-құсқы көліктер көбеюі мүмкін.

Егер көрші мемлекеттен ескі көліктер әкелінсе, экологияға да, жол қауіпсіздігіне де кері әсер етері сөзсіз дейді министр. 1 қазаннан бастап Ресейде утильалымды 80 пайызға дейін көтергелі жатқанын жергілікті ақпарат құралдары жазған болатын.

«Бізде әзірге қымбаттату мәселесі талқыланып жатқан жоқ. Ал Ресей утильалымды алып тастамақ түгілі, оның құнын көтеріп жатыр. Қырғызстан да автонарығын осылай қорғамақ. Қазақстан утильалым мен алғашқы тіркеу мөлшері бойынша көрші елдерден тіпті қалып қойды», — деді министр.

Министр Ресейде утиль алым бағасының қымбаттауы елдегі ескі көліктердің «тұрып қалуына» әсер етуі мүмкін дейді. 

«Олар жолдарда күрделі жағдай тудырады. Өзге елдер ескі көліктердің елге кіріуінен бас тартып жатыр. Ал бізге одан сақтанудың қажеті жоқ», — дейді министр.