341 млн теңге жымқырған: Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
341 млн теңге жымқырған: Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды

341 млн теңге жымқырған: Алматы қалалық емханасының бухгалтерлері сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

  • 15 Тамыз
  • 26
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы Медеу ауданының соты қалалық емхананың бухгалтерлері К.Хангиреева мен А.Туғанбаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған.

«Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп мәлімдеді Антикордан.