3 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар Асылым адам қолынан қаза тапқан - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар Асылым адам қолынан қаза тапқан

3 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар Асылым адам қолынан қаза тапқан

Кішкентай бүлдіршінді өлтіргенін мойындаған қылмыскер сол үйдің көршісі болып шықты.

  • 19 Тамыз
  • 11
Фото: ашық дереккөз

Сарыағашта жантүршігерлік қылмысқа қатысты деректер пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Түркістан облысындағы шағын ғана Сіргелі ауылы. Бәрі бір-бірінің итіне дейін жақсы танитын шағын елді-мекен. Мамыр айының ортасында таңғы 9-да 3 жастан асқан Асылым ұшты-күйлі жоқ болды. Әдеттегідей аулада, ары кетсе көршінің қызымен ойнайтын бүлдіршіннен не із, не сыбыс жоқ. Аттай 3 күн ата-анасы, туғандары, бүкіл ауыл мен еріктілер аяғынан тік тұрды. Полиция мен әскер тартылды. Ауылдағы бүкіл тесік-шұңқыр қаралды. Түк із жоқ. Сөйткен бүлдіршін көрші үйдің туалетінен табылды. Дәретханада 3 жасар қыздың денесі 3 тәулік бойы жатқанын үй иелері қалай ешкім байқамаған?

Сарыағаштық сот-медициналық сараптама қыз таза, тек беті сырылған, артынан соққы алған. Бұл соққы дәретхана тесігіне ұрылғаннан болды. Асылым әжетханаға өзі түсіп кеткен деп көрсетті.

Алланың салғанына қарсы шара бар ма деп, егіліп ата-анасы қалды. Арада ай өтіп, Асылымның қырқына дайындалып жатқанда көршілес үйдің тағы бір қызы туалетке құлай жаздап, құтқарып қалыпты. Кішкентай қыздарды қинап, өлтіріп, дәретханаға лақтырып жүрген ересек адам бар деген сөз Сіргеліде желдей есті. Бір ажалдан аман қалған 5 жасар қыз Нұрай: өзін кім қорқытқанын, қайда шақырғанын, буындырып ұрғанын бәрін айтып берді. Қыздың көйлегінің ұшын көріп қалған (ол да көрші) 7 сынып оқушысы мұнда не болып жатыр деп алып шыққан.

Содан іс қайта ашылып, тергеу басталды. Нұрайдың айтқанының бәрі рас болды. Асылымның үйіне 40 жыл қарама-қарсы тұрған көршінің қызы қандықол қылмыскер болып шықты. 16 жасар бойжеткен бәрін мойындады. Тергеу ол қызды ауытқуы бар шизофрения деп тапты.

«9 сынып бойы ауылдағы орта мектепте бәрімен бірге оқыған қыз аяқ астынан қалай ауру болып қалады?», — деді журналист Гүлмира Абықай.

Қазір періште Асылымның ата-анасына қиын тиюде. 40 жыл арасын көше бөлген аралас-құралас, жақын туыс болып кеткен көршінің үйіне қараса жүрегі сыздайды. Оларды көрмеу, бетпе-бет кездеспеу мүмкін емес.

Бүкіл ауыл бұл отбасының бір түнде өзге жаққа көшіп кетуін талап етуде.