Бишімбаев соты негізінде кино түсіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаев соты негізінде кино түсіріліп жатыр

Бишімбаев соты негізінде кино түсіріліп жатыр

Фильмнің аты – "Жалғыздық" деп аталады.

  • 21 Тамыз
  • 4
Фото: Caravan.kz

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жаңа кино түсіріп жатқаны туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Фильм түсіру идеясы азаматтық некедегі әйелін қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісінен кейін келген. Баян Мақсатқызы осыған дейін «Бақыт» фильмін түсірген болатын.

Баян Мақсатқызының сөзінше, фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін.

«Фильмнің аты – “Жалғыздық” деп аталады. Бірақ атын өзгертетін шығармыз. Түсірілімдегі атауын осылай деп қойдық. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы «Бақыт» фильмін түсіргенімді білесіздер. Содан Асқар Ұзабаев екеуміз осындай трилогия, яғни, осы тақырыпта үш фильм түсіреміз деп шештік. Оған қайта оралу қаншалықты қиын екенін білеміз.

Бірақ әйелін ұрып өлтірген экс-министр Бишімбаевтың әрекеті, оған қатысты сот процесі қоғамды дүр сілкіндірді. Бұл тақырып әлі күнге дейін елімізде өзекті екенін көрсетті. Кез-келген қадамға бармас бұрын, 10 рет ойлану керек. Бұл фильм тәрбиелік мәні зор әлеуметтік жоба болуы мүмкін. Себебі халыққа енді басқаша туынды керек, комедия түсірген жақсы, бірақ ондай туындылардан көрермен шаршады. Тәрбиелік мәні бар, өзекті тақырыпты көтеретін киноға көрермен келсе екен, көрсе екен деймін, – дейді жоба авторы.

Айта кетейік, әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.