"Әскерде дәретханада есінен танып құлаған": 6 ай бұрынғы күш-қуатқа толы жігіттің қазір құр сүлдері қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әскерде дәретханада есінен танып құлаған": 6 ай бұрынғы күш-қуатқа толы жігіттің қазір құр сүлдері қалды

"Әскерде дәретханада есінен танып құлаған": 6 ай бұрынғы күш-қуатқа толы жігіттің қазір құр сүлдері қалды

Сарбаздың туыстары барша қазақстандықтардан қаржылай қолдауға көмек сұрады.

  • 22 Тамыз
  • 12200
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтар 6 айдан бері комада жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ербаян Мұхтардың жасы 22-де. Отбасының тұңғышы. Оның арманы асқақ, мақсаты айқын еді. Футболды жанындай сүйді. Ұлттық гвардияға түскеніне қатты қуанған жігіт болашағын айқындап қойған-ды. Алайда, әскерге барған 5 айдан соң “кенеттен дәретханада есінен танып құлады” деген сарбаз содан бері ес жимады.

Миына бірнеше рет ота жасалды, басының жартысы жоқ. 6 ай бұрынғы күш-қуатқа толы жігіттің қазір құр сүлдері қалды. Госпитальдан шығарып тастады. 20 күннен бері үйінде. Мүгедектік алмайды, қылмыстық іс тоқтап тұр.

Сарбаздың туыстары барша қазақстандықтардан қаржылай қолдауға көмек сұрады. Сәтін салса Түркияда ота жасалмақ.

«Бәріміз ұл-қыз өсіріп отырмыз, әскерге баламыз аман барып, аман қайтсын деп тілейік. 6 ай бойы науқастың бетіне қарап, дәрменсіз отырған әскери госпиталь, Алматы қаласындағы 5571 ә/б басшылығы мен Қорғаныс Министрлігізаң алдында жауап берсін!!! Талап етейік, — деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.

Ұлттық ұланның хабарлауынша, қатардағы Ербаян Мұхтардың бас жарақатын алу фактісі бойынша ҚР ҚК 440-бабы 4-тармағының 3-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалған. Бұл жерде әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұза отырып, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені мәселе болып отыр.