Спортшы мен танымал композитордың қызының арасындағы сыр бар әлемге жайылып кетті. Мұның қоғамға оң әсері етпесі анық, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Тәуелсіз журналист Ришат Асқарбекұлы пікір білдірді.
Кәріге де жасқа да, тіпті өзге жұртқа да күлкі боп біттік. Сосын кінәсіздік презумпциясы деген нәрсе қайда?
«Ұяттан да, тәрбиеден де жұрдай кешегі қыз бен жігіттің текетіресі шектен шыққаны сонша бүкіл республикалық БАҚ-ты шақырып, оңды-солды сұқбат беріп жатыр. Телеарна басшылары немесе салалық министрлік журналистерге тізгінді тартыңдар,- деп тапсырма бере алмай ма? Мысалы ел мүддесі үшін айтқызбайтын нәрселерді айтқызбай қояды. Мысалы АЭС туралы БАҚ басшыларына берілген тапсырма желіні кезіп жүр. Сол сияқты ғой.
Саржағал сайттар емес мемлекеттен мемлекеттік ақпараттық тарсырыс алатын танымал сайттардың өзі алты жыл бұрын “қыздығын алыпты” деп тақырып қойып, ұрып жатыр. Мені шашымнан тартып, қолымнан қысып тұрып бүйтті, сүйтті деп қымсынбай айтып тұрған қыздың СНХ-ын дәл сол күйінде беру деген «потолок».
Сондықтан бізге ар-ұят полициясы керек. Әлемдік тәжірибеде бар ол. Полиция нравов жезөкшелік, құмар ойынымен шырмалған қоғам мүшелерін тезге салып, кешегідей оқиғалардың алдын алуға әрекет етеді.
Бізде бәрін қоғамның талқысына салады. Бүкіл елге жатып-тұрғанын ашық айтып, дауласқаннан қоғам түзеліп кетпейді. Бөтен жұртқа күлкі боп біттік. Бұдан соң бізді кім сыйласын», — деді журналист.