2025 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен 7,4 трлн теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2025 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен 7,4 трлн теңге бөлінеді

2025 жылы өңірлерге республикалық бюджеттен 7,4 трлн теңге бөлінеді

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты.

  • 27 Тамыз
  • 4
Фото: ашық дереккөз

2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты 348 млрд теңгеге ұлғая отырып 7,4 трлн теңге бөлінетін болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бюджеттің келесі басым бағыты – өңірлерді қолдау.

Бюджеттің жалпы шығыстарындағы үлесі шамамен 30 пайызды құрайды.

Оның дерегінше, бөлінген қаражаттың нәтижесінде 2025 жылы халықты сумен жабдықтау қалаларда 99,6 пайызға дейін, ауылдық елді мекендерде 98 пайызға дейін қамтамасыз етіледі.

Жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 51 пайызға дейін төмендетіледі. 51 515 адам мен 3 ауылдық елді мекеннің табиғи газға қолжетімділігін қамтамасыз етіледі.

«Халықты газдандыру деңгейі 2025 жылы 62 пайызды құрайтын болады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында көлік инфрақұрылымының 18 объектісін, 33 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен 91 әлеуметтік объектілерді жаңғырту жоспарланып отыр», — деді Мәди Тәкиев.