Ел Президенті Жолдауында негізгі 9 стратегиялық бағыттарға тоқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел Президенті Жолдауында негізгі 9 стратегиялық бағыттарға тоқталды

Ел Президенті Жолдауында негізгі 9 стратегиялық бағыттарға тоқталды

Бүгін сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы ашылды.

  • 2 Қыркүйек
  • 29
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ел Президенті Жолдауында негізгі 9 стратегиялық бағыттарға тоқталды:

1. Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет.

2. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды.

3. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет.

4. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет.

5. Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды.

6. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек.

7. Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі.

8. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек.

9. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет.

Мұндағы кез-келген бағыттың маңыздылығы сол – Еліміздің даму сатысында өз рөлін атқаратындығы күмәнсіз. Соның ішінде кадрлық әлеуетті арттыру, ол үшін Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет екендігі айтылды. Тіпті, Үкімет колледжде жақсы оқыған түлектерді мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке алу мүмкіншілігі де пайда болатын болды.

Бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінуінің жарқын көрінісі болып, келесі 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Осыған сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау көзделіп отыр.

​Сонымен қатар, бүгінгі күннің сұранысы болып табылатын Жасанды интеллект Ұлттық орталығы ашылатындығы қуантады. Бұл жаңа жетістіктерге жету жолында маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз.