Банктердің қазіргі саясаты — тұтынушылық несие арқылы мол табыс табу - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктердің қазіргі саясаты — тұтынушылық несие арқылы мол табыс табу - сарапшы

Банктердің қазіргі саясаты — тұтынушылық несие арқылы мол табыс табу - сарапшы

Президенттің осы жолғы Жолдауында банктер туралы жаңа заң әзірлеуді тапсыруы — өте орынды бастама. Өйткені, дәл қазіргі банктердің несие саясаты, несие қоржынының құрылымы экономиканы дамытуға емес, тұтынушылық несиені неғұрлым көп беру арқылы табыс табуға бағытталғанын ашық айтуға негіз бар.

  • 3 Қыркүйек
  • 3
Фото: ашық дереккөз

Банктердің қазіргі несие саясаты — экономиканы дамыту емес, тұтынушылық несие арқылы мол табыс табу. Мұндай пікірді экономист Бауыржан Ысқақов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Президенттің осы жолғы Жолдауында банктер туралы жаңа заң әзірлеуді тапсыруы — өте орынды бастама. Өйткені, дәл қазіргі банктердің несие саясаты, несие қоржынының құрылымы экономиканы дамытуға емес, тұтынушылық несиені неғұрлым көп беру арқылы табыс табуға бағытталғанын ашық айтуға негіз бар. Сол үшін жалпы әлемдік тәжірибені негізге ала отырып, банктер туралы арнаулы заң қабылдануы қажет. Экономикаға қандай банктік өнім тиімділік, табыс әкелсе, соның бәрін қолдауымыз керек», — дейді экономист.

Осы орайда сарапшы қаржы жүйесінде исламдық қаржыландыру деген жақсы бағыттың бар екендігіне назар аудартты. 

«Оның біздегі дамуы әлі де болса кенжелеп тұр. Ал көптеген мемлекет банк туралы заңдарының арқасында осы бағытты кеңінен қолданып, экономикаға зор серпін беретіндей жағдай жасап отыр. Бұған қоса, банктерге қатысты заңның қабылдануының өзі біздегі көптеген банкке қозғалыс әкелетін сияқты. Өйткені, Мемлекет басшысы мұның алдындағы тапсырмаларының бірінде „экономиканы несиелендіруді жеделдетпейтін болса, белсенді жұмыс істей алмаса, онда шетелдік банктерді тарту қиындық туғызбайтынын“ ашық айтқан еді. Демек, бұл да — банктер үшін үлкен белгі. Сондықтан банктердің экономикаға қаржы құю мәдениетін, қағидасын арттырудың тиімді әрі төте жолы — банктер туралы арнаулы заң қабылдау. Соның нәтижесінде экономиканы белсенді несиелендіретін банк жүйесін қалыптастыруымыз қажет», — деді Бауыржан Ысқақов.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында банктер туралы жаңа заң қажет екенін айтқан болатын.