"Оқушыларды мәңгүрттеу жетпей түр еді": Қызыл көйлек киген балгер Томирис мектепте не істеп жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оқушыларды мәңгүрттеу жетпей түр еді": Қызыл көйлек киген балгер Томирис мектепте не істеп жүр?

"Оқушыларды мәңгүрттеу жетпей түр еді": Қызыл көйлек киген балгер Томирис мектепте не істеп жүр?

Шарлатандарды мектепке кіргізетін мектеп директоры мен орынбасарлары осындай тірліктері үшін жауап беруі тиіс. Бахабит-сахабиттер қалып, енді балаларды мәңгүрттендіруге балгерлер жетпей тұр еді деп жазды журналист.

  • 6 Қыркүйек
  • 73
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде мектептердің бірінде мұғалімдер ақша жинап шақырған бақсы-балгер туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл оқиғаға қатысты журналист қауым жарыса пікір білдіріп, наразылықтарын танытып жатыр. Сәуле Әбілдаханқызы шарлатандарды мектепке кіргізген басшылық жауап берсін деген жазба қалдырды.

«Бұрынғының Томирисі жаудың басын алса, қазіргінің Томирисі балалардың миын алады. Шалагүл апамның әруағы деп, ауру оқушылар мен ауру оқытушыларды емдеп жүрген болар… балгер, көріпкел, емші Томирис дейді…

Неткен көйлек!.. Неткен тәж!.. Неткен бас!.. Неткен шаш!.. Неткен тырнақ!… Пай-пай, шіркін, қазақтың Томирисі-ай! Шын аты-жөні кім екен?

Шарлатандарды мектепке кіргізетін мектеп директоры мен завучтары осындай тірліктері үшін жауап беруі тиіс. Бахабит-сахабиттер қалып, енді балаларды мәңгүрттендіруге балгерлер жетпей тұр еді», — деп наразылық білдірді.

Желіге жарқ етіп шыққан бақсы кешеден бері біраз адамның күнін жарқыратып жіберді. Ал, шындығында, Көпбаева-Муртазина Гүлсара Суазқызы кім?

Бұл туралы тележүргізуші Гүлмира Әбіқай былай деп жазды:

«Оның есімі қызық һәм қызық емес газет беттерін 2000 жылдары жаулаған. Атағының ең қысқасы Емші-бақсы-психоэнергобиотерапевт-академик. Өзіне сенсек проскопиялық ғылымдарының академигі. Проскопияны білмесеңіз айта кетейін, бұл — тылсым. Адамға сезілмейтін, білінбейтін, қысқасы жоқ нәрсенің ғылымы.

Кезінде қызыл көйлекті апым Амантай қажы, Қасен Қожахметпен бірге жүрді. Өздері бір проект сынды, оны КНБ-ның жобасы деп те атаған. Ақ чара ана намазханасын ашып, сол жерде өз сөзінше “7777 адамды емдеп тастаған.

Енді, міне көріп отырғандай басқа образбен шықты. Мұндайлар бола береді, шыға береді. 20 жылдан соң Ұлықбек емші Шалабай баба деп шықса еш таңқалмаймын.

Ең сорақысы, неге мектеп? Егер, ауылдасы һәм туысы болса мектеп директоры мен ауыл әкімі үйінде қарсы алсын! Оқу жылы бастала салып балалар бақсының жер сүйреткен етегін көтеріп, ұстаздар оның аяғына гүл себуі бассыздық. Шаман аяқпен таптаған гүлді сол мұғалім құшағын толтырып өзі де алған жоқ шығар? Ол гүлге бүкіл ұжым болып 4000 теңге ақша жинатқан директордыкі бассыздық! “Гүлсара Суазқызы жайлы интернеттен еш ақпарат таппадық, кім екенін артынан білдік” деп ақтарылған ауыл әкімі де жазасыз қалмауы тиіс! Ал, мектеп директорының орынбасары Айбек Сайлаубаев танымайтын адамды білім ошағында қарсы алуға қанша қарсы болғанымен амал нешік, директор мен әкімнен аса алмады. Тіпті, әкімнің бұйрығымен емшіге концерт те ұйымдастырып берген.

Ауыл әкіміне тапсырма берген Рысқұлов аудандық ішкі саясат, жергілікті биліктің ең маңызды бөлімін де жазаға тарту қажет!

Қысқасы, “Мектепке жол” акциясымен көмектесуге Алматыдан үлкен дөкей келе жатыр деген. Бәрі кім екенін білместен, алашапқын болған. Енді Тұмар ханшайым әкелген кәкір-шүкір, көгерген ескі киімдер жатыр ауыл шетінде. Әкелгенін көріп шошыған директор орынбасары «Ойбай деп оны мешітке жіберді, мешіт, Тұмарға жіберді, ол маған керек жоқ деп қайта мектепке жіберді».

Артын жуып-шаймақ болып өз атымнан мектепке 500 мың теңге қаржы аударамын деген, ол да мектеп шотына әлі түспепті.

500 мың үшін осынша масқара болған Рысқұловтың шенділерін шетінен не істесек екен?», — деп жазды ол.