Бейбіт Шүменов Лас-Вегаста Әлем чемпионы атағын қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бейбіт Шүменов Лас-Вегаста Әлем чемпионы атағын қорғайды

Бейбіт Шүменов Лас-Вегаста Әлем чемпионы атағын қорғайды

Лас-Вегаста 2 маусмы күні Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов өз атағын қорғау үшін мексикандық Энрике Орнеласпен жекпе-жек өткізеді.

  • 8 Мамыр 2012
  • 451
Фото - Caravan.kz

1983 жылы 19 тамызда Шымкентте өмірге келген Б.Шүменов бұған дейін 13 кездесу өткізіп оның 12-сінде (8-і нокаутпен) ұтып, тек бір-ақ рет күмәнді жағдайда жеңіліс тапқан болатын. Бұл 28 жасар қазақстандық 2009 жылы 15 тамызда Астанада Габриел Кампилломен чемпиондық атақ үшін болған жекпе-жекте жеңіліс тапқанымен, 2010 жылы 29 қаңтарда Лас-Вегаста өткен қарымта кездесуде алтын белбеуді иеленген еді. Одан кейін өз атағын 3 рет сәтті қорғап шыққан Бейбіт 12 раундтық соңғы кездесуін 2011 жылы 29 шілдеде Данни Сантигомен өткізіп, онда 9-раунда қарсыласын текхникалық нокаутпен жеңген болатын.

Оның бұл жолғы қарсыласы 31 жастағы Энрике Орнелас 1980 жылы 19 қыркүйекте Гуанажуатода өмірге келген. Кәсіпқой бокс шаршы алаңдағы 40 кездесуінің 33-ін жеңіспен (21-і нокаутпен), жетеуін жеңіліспен (біреуінде нокаутпен) аяқтаған. 2011 жылы 17 желтоқсанда Мексикада 10 раундық кездесуде Хериверто Гутиеррезді 1-раундта техникалық нокатпен жеңген еді. Бұл оның 6 мамырда Германияда Роберт Стилицтен жеңіліс тапқаннан кейінгі екінші жеңісі болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера