Үндістандық екі студент Шымкенттегі пәтерде өлі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістандық екі студент Шымкенттегі пәтерде өлі табылды

Үндістандық екі студент Шымкенттегі пәтерде өлі табылды

Үндістандық екі студент Шымкентте жалдамалы пәтерден өлі табылды.

  • 19 Қыркүйек
  • 8
Фото - Caravan.kz

Өлімнің себебі анықталып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, марқұм Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері және қаланың Әл-Фараби ауданында үш шетелдік азаматпен бірге жалдамалы баспанада тұрған.

Жатын бөлме мен дәлізден 21 және 22 жастағы шетелдіктердің мәйіті табылғаны хабарланды.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жастар көміртегі тотығынан уланып қайтыс болды деген алғашқы нұсқаны жоққа шығарды. Пәтерде орнатылған газ колонкасы мен ас үй плитасында заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

Студенттердің өлімінің себебі сараптама арқылы анықталады.