“5 алтын аламыз дегенімде қазақтар күліп еді”: Өзбектер келесі олимпиадада барлық салмақта алтын алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“5 алтын аламыз дегенімде қазақтар күліп еді”: Өзбектер келесі олимпиадада барлық салмақта алтын алмақшы

“5 алтын аламыз дегенімде қазақтар күліп еді”: Өзбектер келесі олимпиадада барлық салмақта алтын алмақшы

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері әлемде өзбек боксшыларына тең келетін боксшылар жоқ дейді.

  • 19 Қыркүйек
  • 131
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Толқын Қылышев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Өздері осы жетістікке қол жеткізе алмаған адамдар Өзбекстан алтынды сатып алды деп айтады. Өздері чемпион болса саналып, біздікі саналмайды екен. Ондай болмайды. Біздің 7 алтын алтын алуға шамамыз жетеді. Әлемде біздің 7 боксшымызға тең келетін боксшы жоқ. Кез келген адаммен осы жөнінде пікір алмаса аламын. Мен барлық боксшымыздың алтын алатынына сенімді едім. Егер бәрі әділ өткенде, біз 7 алтын алатын едік. Мен Олимпиада алдында бір интервьюда 5 алтын аламыз дегенімде қазақстандық блогерлер күліп еді. Бұл күпірлік емес, шындықты айтып отырмыз. Біздің балалар барлық тараптан, физика, психология, тактика жағынан мықты”, — дейді ол.

Толқын Қылышев 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты бастап кеткенін де жасырмады.

”Қазір келесі олимпиадаға дайындықты бастап кеттік. Боксшылар 1 ай ғана демалды. Біз оларды бір айда 3-4 күнге ғана жібереміз. Егер 10-15 күнге жіберсек жасаған барлық дайындық, тактика босқа кетеді. Үйлеріне 10 күнге жіберсек, Олимпиадада 5 алтынды қайдан аламыз. Ендігі мақсат, 2028 де барлық салмақта алтын алу. 10 салмақ болса 10 алтын, 7 салмақ болса, 7 алтын, 5 салмақ болса, 5 алтын аламыз”, — деді бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері.