”Синий кит өлім ойыны оралды”: Суицид жасаған алматылық мектеп оқушыларына кім тапсырма берген - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Синий кит өлім ойыны оралды”: Суицид жасаған алматылық мектеп оқушыларына кім тапсырма берген

”Синий кит өлім ойыны оралды”: Суицид жасаған алматылық мектеп оқушыларына кім тапсырма берген

Бірер күн бұрын Алматы қаласында орын алған қайғылы оқиға бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

  • 20 Қыркүйек
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

16 қыркүйекте қандай трагедия болды?

16 қыркүйекте 7 сынып оқушылары Сейфуллин мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйлердің шатырынан құлап, оқиға орнында мерт болды.

Қыздар дене шынықтыру сабағынан “дүкенге барамыз” деген сылтаумен сұранған. Бірақ, дүкеннің орнына, көпқабатты үйдің шатырына шыққан. Қазір істі полиция қызметкерлері тергеп-тексеруде. Әзірге ешқандай ресми ақпарат жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, биіктіктен секірер алдында, тіпті секіріп жатқанда да қыздардың ешбірі айқайлап, қандай да бір дыбыс шығармаған. Сондай-ақ, куәгерлер суицид жасаған қыздардың бірінің телефонынан әлдекімге жазған хаты табылғанын айтты.

“Ол біреумен сөйлесіп отырып, өз өзіне қол жұмсағысы келетінін жазған. Бірақ кейіннен “мен тамырымды таба алмай жатырмын, “мен тек проблема жасап жүремін” деген. Ол өзінің кедергі келтіруші, проблема жасаушы сезінетінін айтқан.

Өткен аптада “Әлем” тұрғын үй кешенінің 13 қабатынан тағы бір мектеп оқушысы құлап, қайтыс болғанын естеріңізге саламыз. Өз-өздеріне қол жұмсаған қыздармен анық не болғаны әзірге белгісіз. Аталмыш қайғылы оқиғалар бүгінде қоғамда қызу талқыланып жатыр. Көпшілік бұл оқиғаға “Синий кит”, “Красный дельфин” секілді “өлім ойындары” себеп болуы мүмкін деп алаңдаулы.

Жыл басынан бері Қазақстанда екі мыңнан астам суицид оқиғасы тіркелген. Оның 112-сі балалар екенін ескерсек, ата-аналардың ойындарға қатысты қорқынышы орынды. 2023 жылы Wisevoter ұйымы ұсынған тізімде Қазақстан суицид саны бойынша 178 елдің ішінде 19 орында болды.

”Синий кит” қандай ойын?

Түрлі тапсырмалар беріп, жасөспірімдерді қызықтырып, соңы қайғылы оқиғамен бітетін ойындардың аты басқа болғанымен заты бірдей. Бұл “өлім ойынының” “Тихий дом”, “Разбуди меня в 4:20”, “Море китов” деген де атаулары бар. Ойын Ресейде пайда болған. Негізігі мақсаты — түрлі тапсырмалар беріп, соңында жасөспірімді өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу. Ойынға қосылғысы келетіндер әлеуметтік желіге #явигре, #синийкит деген хэштегпен видео жариялайды. Кейіннен оларға ойынның “кураторы” байланысқа шығып, ойын ережелерін түсіндіреді. Ойынның ең басты ережелері — ойын туралы ешкімге айтпау, қандай тапсырма берілсе де орындау. Ал, егер тапсырманы орындамасаң ойыннан шығарып, қыр соңыңнан қалмаймыз деп қорқытады. Ойында 50 күн бойы таңғы 4:20 да ояну, тамырыңды кесу, суицид туралы видео көру секілді күніне бір тапсырмадан беріліп отырады. Ал, соңғы тапсырма өмірмен қош айтысу болады…

”Синий кит” Қазақстанға қашан келді?

“Синий кит” ойыны туралы отандық бұқаралық ақпарат құралдары 2016 жылдан бастап жаза бастады. 2016 жылғы ақпаратқа сүйенсек, суицид жасау ісі бойынша 44 қылмыстық іс қозғалып, 16 жасөспірім қайтыс болған. Сол жылы екі ай ішінде құқық қорғау органдарына 60-тан астам ата-ана балаларының “синий кит”, “тихий дом” ойындарын ойнағанын айтып, шағым түсірген. 15 бала денелеріне жарақат салған.

16 қыркүйекте орын алған қайғылы оқиғаға бұл ойындардың қаншалықты қатысы бар екені әлі белгісіз. Десе де, редакция ұжымы ата-аналарды балаларын қорғап, психикаға кері әсер ететін ойындардан сақтауға шақырады.