Қазақстандық жағажай волейболшылары Шанхайдағы "Гранд Слэма" кезеңінде қоржнын 160 ұпайға толықтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жағажай волейболшылары Шанхайдағы "Гранд Слэма" кезеңінде қоржнын 160 ұпайға толықтырды

Қазақстандық жағажай волейболшылары Шанхайдағы "Гранд Слэма" кезеңінде қоржнын 160 ұпайға толықтырды

Қытайдың Шанхай қаласында 1-6 мамыр күндері жағажай волейболынан «Гранд Слэма» кезеңі өтті.

  • 8 Мамыр 2012
  • 439
Фото - Caravan.kz


Онда Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 17 орын алып, өз қоржындарын 160 ұпайға толықтыра алды. Олар жарыстың негізгі кезеңінің 1-раундында итальяндық Николай мен Лупо жұбына 2:0 (21-15, 21-11) боп ұтылды. Оның алдында топтық кезеңде австриялық Хубер мен Сейди жұбын 2:0 (21-10, 23-21) және американдық Фуербриннгер мен Лусенаны 2:1 (21-19, 18-21, 18-16) есебімен ұтты. Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов алғашқы дәрежелік раундта австриялық Хугх пен Слактан 2:0 (22-20, 21-13) боп ұтылды. Соның нәтижесінде 41-орынды қанағат тұтып, 24 рейтингтік ұпай жинады. Енді қазақстандық спортшылар ертең Бейжіңде жалауын көтеретін келесі «Гранд Слэма» кезеңінде бақ сынамақ. Одан кейін 18-20 мамырда еліміздің Ақтау қаласында өтетін «Actau Invitation» Азиялық турына қатысады.