Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
«Республикамыздың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан өңірлерінде сипат алатын ортақ табиғи құбылыс — желдің күшеюі, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының орталығында, батысында, Абай облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупісақталады.