Белгілі журналист Оңғар Қабден ата-аналарға ескерту жасады. Сондай-ақ Ұлттық Қауіпсіздік Комитет пен Ішкі істер министрлігінің назарына, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оқушы балаларыңыз болса шұғыл телефонын қараңыздар. Ақтарыңыздар. Соңғы күндері оқушы балалар суициді күрт көбейді.
Энергияны арттыратын азарт ойыны деп аталады. Телефонмен (интернетпен) балаға команда беріліп отырады. Бала бұлжытпай орындау керек! Тәртібі солай!
Бала әке-шешесінен қашады. Үйден қашып шығу үшін шешесін туалетке қамап, сыртынан жауып кетеді. Көмекке келмесін деп, әкесіне ұйықтататын дәрі беріп ұйықтатып тастайды екен. Бұл бастапқы баспалдағы ғана. Ары қарай ойын қиындай береді. Бұл бір ғана ойынның шарты! Мұндай ойындар қаншама!
«Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың үйдегі, мектептегі тәртібін, араласатын ортасын, ұялы телефонын жіті қадағалаңыздар! Ертең өздеріңіз өкініп, бармақ шайнап қалмас үшін», — деді журналист.
Ал Журналист Нәзия Жоямергенқызы оқушыларды суицидке итермелеп отырған ойынды көрсетті.
«Ата-аналар, мына Schoolboy Runaway ойыны қауіпті деп жатыр. Балаларыңыздың телефонын тексеріп көріңіздер. Абай болыңыздар! Мен әдейі кіргем. “Үйдегі заттарды ұрла да, терезеден байқатпай шығып кет”, — деді бір еркек дауыс. Ересектерге ғой, әсер ете алмайды. Ал балаларға психологиялық ықпалы күшті екені анық. Соңғы жылдары балаларды машинаның астына түсуге, көпқабатты үйлерден секіруге мәжбүрлеп жатқан да осы ойын дейді. Алла Тағала балаларымызбен сынамасын», — деп жазды журналист желідегі парақшасына.