"Денесі қарайып кеткен": Қоқыс жәшігінен MMA боксшысының денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Денесі қарайып кеткен": Қоқыс жәшігінен MMA боксшысының денесі табылды

"Денесі қарайып кеткен": Қоқыс жәшігінен MMA боксшысының денесі табылды

WhatsApp мессенджерінде аралас жекпе-жек шебері Вусал Дзафаровтың денесі қоқыс жәшігінен табылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

  • 23 Қыркүйек
  • 14
Фото: golos-naroda.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақтау қаласындағы №3 ықшам аудандағы қоқыс жәшіктерінің бірінен табылған марқұмның денесі ісініп, қарайып кеткен.

Спортшыға қатысты бұл ақпаратты полиция департаменті растаған.

”Ер адамның мәйітін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда. Тергеу барысында өзге ақпараттар жария етілмейді”, — делінген ведомоство хабарламасында.

Lada.kz редакциясының мәліметке сүйенсек, Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін төрт жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде жеңіске жеткен.