Алматыда «Қауіпсіздік үшін — Бірге» акциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Қауіпсіздік үшін — Бірге» акциясы басталды

Алматыда «Қауіпсіздік үшін — Бірге» акциясы басталды

Алматыда көмірмен жылытылатын жер үйлер ерекше бақылауда.

  • 27 Қыркүйек
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Алматыда ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіздік үшін — Бірге» және «Қол ұшын бер» акциясын бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.

Акция аясында пешпен жылытылатын үйлерге барып, алдағы жылыту маусымына дайындық ретінде өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіреді. 100-ден астам маман тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Былтыр қалада 231 өрт болып, 11 адам көмірқышқыл газы мен табиғи газдан уланған. Әлеуметтік осал отбасылар мен қарттар тұратын үйлерге баса назар аударылған.

Ерекше бақылауда көмірмен жылытылатын 727 жеке үй бар. Демеушілердің қолдауымен бұл үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылады.

Есіңізде болсын, көмірқышқыл газы түссіз, иіссіз, оны тек арнайы құрылғылар арқылы анықтауға болады. Мамандар желдету жүйесін үнемі тексеріп, газ құрылғыларының жұмысын қадағалап отыруға кеңес береді.