АЭС құрылысы жергілікті экономиканың дамуына жол ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС құрылысы жергілікті экономиканың дамуына жол ашады

АЭС құрылысы жергілікті экономиканың дамуына жол ашады

АЭС бойынша референдум өтуіне аз ғана қалды. Осы тұста тақырып қызу талқыланып жатыр. Біреулер қолдап жатса, біреулер әлі де керек пе, жоқ па деген күдіктің үстінде жүр.

  • 27 Қыркүйек
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Атом энергетикасының қуаттылығы мен тиімділігін былай қойғанда жергілікті экономикаға тигізетін әсеріне қаржы сарапшысы Айбар Олжаев тоқталып өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Атом электр станциясының құрылысы – көптеген жаңа жұмыс орындарын ашатын, инвестиция тартып, инфрақұрылымның дамуына жол ашатын ауқымды жоба болмақ. АЭС құрылысы кезінде мыңдаған жаңа жұмыс орыны ашылады, оның жұмысы барысында тағы мыңдаған жұмыс орыны пайда болады. Құрылысшылар мен инженерлерден бастап, атом мамандары мен IT мамандары бар, тіпті қызметші персоналға дейін қажет болады.

Осы тұста халықаралық мысалға көз салсақ. Мысалы, АҚШ-тағы әр атом станциясы орта есеппен құрылысы кезінде 4000 жұмыс орнын ашса, станцияның жұмысы кезінде тұрақты түрде 500-700 адамды жұмыспен қамтиды екен. Енді біздің Қазақстанда да АЭС құрылысы басталса, бұл аймақтағы инфрақұрылымның дамып, жаңа жұмысшылардың сол аймаққа ағылуына, нәтижесінде аймақтағы мамандар сапасының артуына ықпал етер еді. Байқасақ, бәрі бір-бірімен байланысып жатыр, АЭС салынса, жаңа жұмысшылар керек, жаңа жұмысшылар келсе, инфрақұрылымды дамыту керек, инфрақұрылым дамыса, көшіп келуді қалайтын мамандар саны да артпақ. Қалай болғанда да АЭС құрылысы бой көтеретін аймақ үшін тек оң ықпалын тигізбек. Оған жақсы жолдар, мектептер, денсаулық сақтау саласы, ойын-сауық, жалпы, жайлы өмір сүру үшін қажеттінің бәрі кіреді.

Сондай-ақ АЭС жергілікті бизнес үшін де мол мүмкіндік жол ашпақ. Мысалы, жергілікті компаниялар АЭС құрылысы кезінде тендерлерге қатысып, су, тамақ, материалдар тасымалдап, құрылысқа қажетті заттар жеткізіп, өз қызметтерін ұсына алады. Бұл жергілікті шағын және орта бизнеске жақсы серпін беретіні анық.

Сондықтан АЭС керек пе, жоқ па, ол қай аймақта салынады деп жүргендер болса, ертең АЭС құрылысы басталатын аймақ еліміздегі ең дамыған аймақтардың біріне айналатынын есте ұстауы керек. Иә, бұл үлкен күш, қаржы мен уақытты қажет ететіні анық. Бірақ болашаққа қажетті нәрсеге бүгін күш салсақ, ертең жемісін жейміз.

Ешкімнің болашақта жарықсыз, жылусыз отырғысы келмейді. Ал жарық пен жылу өзінен өзі пайда болатын нәрсе емес.